Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атанды

    Алматы қаласының әкімдігі еңбек сіңірген жаттықтырушы Әмен Тұяқов пен бір топ азаматқа «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын берді.

    Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атанды

    Фото: дереккөз

    Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмен Тұяқов «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қала күні қарсаңында бір топ азамат осы құрметті атаққа лайық деп танылды. Олардың қатарында еңбек ардагері Гайникен Бибатырова, көрнекті құрылысшы-инженер Клара Летникова, кескіндемеші-суретші Амандос Ақанаев және сәулетші Орысбай Баймырзаев бар. Сонымен қатар дәрігер Орынбай Дайырбеков пен ғалым-хирург Болатбек Баймаханов та осы атаққа ие болды.

    Скрипкашы, дирижер әрі композитор Мұрат Серкібаев та Алматының құрметті азаматы атанды.

    «Қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға берілетін «Құрметті азамат» атағы бар. Алматыда біраз уақыт бойы бұл құрметті атақты беру тоқтатылған еді. Биылдан бастап «Қаланың Құрметті азаматы» атағын табыстауды қайта жаңғырттық», – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →