Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада дәрігер жалған қызмет үшін 682 млн теңге ұрлағаны үшін сотталды Тоқаев: Жол сапасы — біздің «ахиллес табанымыз», заң қатаң қолданылады Азия ойындары: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға шығады Тоқаев рұқсатсыз граффитиге қатаң шара қолдануды тапсырды Азиада-2026: 20 қыркүйектегі Қазақстан құрамасының жүлде мүмкіндіктері мен кестесі Жапонияда XX жазғы Азия ойындары ресми түрде ашылды Астанада дәрігер жалған қызмет үшін 682 млн теңге ұрлағаны үшін сотталды Тоқаев: Жол сапасы — біздің «ахиллес табанымыз», заң қатаң қолданылады Азия ойындары: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға шығады Тоқаев рұқсатсыз граффитиге қатаң шара қолдануды тапсырды Азиада-2026: 20 қыркүйектегі Қазақстан құрамасының жүлде мүмкіндіктері мен кестесі Жапонияда XX жазғы Азия ойындары ресми түрде ашылды

    Азия ойындары: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға шығады

    20 қыркүйекте Аичи-Нагоядағы 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар триатлон, жүзу, каратэ, ММА және басқа да жарыстарға шығады. Толық кесте.

    Азия ойындары: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға шығады

    Сурет: ҰОК

    Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 20 қыркүйекте Қазақстан спортшылары спорттың бірнеше түрінен сынға түседі. Olympic.kz мәліметінше, жарыстардың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген. Спортшылар құрамы мен жарыс кестесі өзгеруі мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    04:30 — Триатлон, ерлер. Жекелей жарыс, финал: Аян Бейсенбаев, Арлан Жаңабай.

    05:00 — Тасжолдағы велоспорт, әйелдер. Жекелей уақытқа жарыс, финал: Рината Сұлтанова.

    05:45 — Нысана көздеу, әйелдер. 10 метрге пневматикалық мылтықпен ату. Іріктеу және командалық финал: Елизавета Безрукова, Софья Шульженко, Александра Ле. Финалға жолдама алған жағдайда жарыс 10:30-да жалғасады.

    06:00 — Қазіргі бессайыс, әйелдер. Жекелей және командалық финал: Диана Щедрова, Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова.

    06:08 — Жүзу, ерлер. 200 метрге кешенді жүзу, іріктеу: Айбат Мырзамұратов. Финалдық кезең – 13:00-ден бастап.

    06:20 — ММА, әйелдер. Modern MMA, 54 келіге дейін, алдын ала кезең: Әйгерім Төреханова.

    06:44 — Жүзу, ерлер. 100 метрге еркін әдіс, іріктеу: Әділбек Мусин, Максим Клименко. Финалдық кезең – 13:00-ден бастап.

    06:50 — ММА, ерлер. Traditional MMA, 77 келіге дейін, алдын ала кезең: Еркінғали Бүркіталин.

    07:00 — Триатлон, әйелдер. Жекелей жарыс, финал: Диана Ержанова.

    07:05 — Жүзу, ерлер. 100 метрге шалқалай жүзу, іріктеу: Александр Румынский. Финалдық кезең – 13:00-ден бастап. Каратэ, ерлер. 55 келіге дейін, 1/8 финал: Жоламан Биғабыл. Келесі кезеңге өткен жағдайда: жартылай финал – 10:30-дан бастап, қола жүлде үшін жекпе-жек – 12:40, финал – 14:05-тен бастап.

    07:55 — Каратэ, әйелдер. 68 келіден жоғары, ширек финал: Софья Берульцева. Келесі кезеңге өткен жағдайда: жартылай финал – 10:30-дан бастап, қола жүлде үшін жекпе-жек – 12:40, финал – 14:05-тен бастап.

    08:30 — Үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, топтық кезең: Қазақстан – Бангладеш. Гандбол, ерлер. Топтық кезең: Қазақстан – Бахрейн.

    09:00 — Жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең: Сергей Богату / Кирилл Гурин.

    09:30 — Тасжолдағы велоспорт, ерлер. Жекелей уақытқа жарыс, финал: Алексей Луценко. Гандбол, әйелдер. Екінші матч, айналмалы жүйе: Қазақстан – Оңтүстік Корея.

    09:50 — Баскетбол 5х5, әйелдер. Топтық кезең: Қазақстан – Жапония.

    10:30 — Қазіргі бессайыс, ерлер. Жекелей және командалық финал: Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Абдраимов, Тихон Варехин.

    11:00 — Жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең: Абдулмажид Мохаммад / Дмитрий Яковлев. Бадминтон, әйелдер. Командалық жарыс, 1/8 финал: Қазақстан – Үндістан.

    12:00 — Волейбол, әйелдер. Ширек финал: Қазақстан – Оңтүстік Корея. Үстел теннисі, әйелдер. Командалық жарыс, топтық кезең: Қазақстан – Оңтүстік Корея.

    12:05 — Су добы, әйелдер. Топтық кезең: Қазақстан – Сингапур.

    12:50 — ММА, ерлер. Modern MMA, 71 келіге дейін, ширек финал: Қадырбек Шынбаев.

    13:00 — ММА, ерлер. Traditional MMA, 65 келіге дейін, ширек финал: Санжар Әділов.

    14:00 — Ушу, әйелдер. Саньда, 52 келіге дейін, 1/8 финал: Аяна Тұрсын. Ушу, ерлер. Саньда, 75 келіге дейін, 1/8 финал: Абдурашид Абдуллаев.

    14:30 — Үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, топтық кезең: Қазақстан – Сингапур.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →