Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 19 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Спорт комментаторы Ғалым Сүлейменов өмірден өтті

    Қазақ журналистикасының танымал спорт комментаторы Ғалым Қамашұлы Сүлейменов өмірден өтті. Ол 1975 жылы 28 сәуірде Алматыда дүниеге келген.

    Спорт комментаторы Ғалым Сүлейменов өмірден өтті

    Фото: әлеуметтік желі

    Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, танымал спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Қамашұлы Сүлейменов дүниеден өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ғалым Қамашұлы Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

    1996–2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы болып қызмет атқарды. 2004 жылдан бастап «Спорт KZ» газетінің бас редакторы қызметінде болды.

    Ғалым Сүлейменов Қазақстан Президентінің стипендиясына ие болған. Сондай-ақ ол белгілі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

    SN.kz ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →