Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 24 жаяу жүргінші қаза тапқан

    Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 24 жаяу жүргінші қаза тапқан
    Фото: ашық дереккөз

    Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 24 жаяу жүргінші қаза тапқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Жыл басынан бері қалада жаяу жүргіншілерге қатысты 2 мыңға жуық жол апаты тіркелген. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан аса адам жарақат алған.

    Осыған байланысты полиция жол қозғалысы ережелері сақталуын бақылауды күшейтті.

    Профилактикалық жұмыстар мектептерде де жүргізіліп жатыр. Оқушылармен жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіліп, балаларға жарық қайтарғыш элементтер таратылады.

    «Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда аса мұқият болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуге тиіс», — деді Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →