Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Асфальт қолмен үгітіліп жатыр»: Степногорск тұрғындары мердігердің жұмысына наразы

    «Асфальт қолмен үгітіліп жатыр»: Степногорск тұрғындары мердігердің жұмысына наразы

    Степногорск тұрғындары жаңадан төселген жаяу жүргіншілер жолының сапасына күмән келтіріп, мердігердің жұмысын өздері тексеруге шықты, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Видеода тұрғындар асфальт төсеу кезінде технологиялық талаптардың сақталған-сақталмағанын сұрап, жұмыс сапасына қатысты бірқатар кемшілікті көрсетеді. Бұл жұмыстар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізілгені айтылады.

    Қала әкімдігі де нысанды аралау кезінде ескертулер анықталғанын растаған. Жауаптылар мердігер жіберген кемшіліктер түзетілетінін мәлімдеген. Енді тұрғындар айтылған ескертулердің нақты қашан және қалай жойылатынын күтеді.

    Видео: @stepnogram

    Фото: matritca.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →