Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Асфальт жерге кіріп кеткен: Ақтөбеде жұрт шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр

    Асфальт жерге кіріп кеткен: Ақтөбеде жұрт шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр

    Фото: видео скриншот

    Ақтөбедегі Ақжар-2 тұрғын алабы маңындағы Родниковка тасжолының жағдайына тұрғындар шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жолдың кей тұсында асфальт ойылып, жерге батып кеткен, ал жол жиегінде үлкен шұңқырлар пайда болған. Бұл бағытпен Ақшат елді мекеніне қатынайтын автобус пен көптеген жеңіл көлік күн сайын жүреді. Тұрғындар жолдың қазіргі күйі көлік қозғалысына кедергі келтіріп, әсіресе қыс түскенде қауіп күшеюі мүмкін екенін айтады. Мәселе 15 қыркүйекте түсірілген видеода анық көрінеді.

    Жергілікті тұрғындар жауапты жол қызметтерінен қауіпті учаскеге назар аударуды сұрап отыр.

    Видео: @diapazon_narodnyi

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →