Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Жезқазған әкімі қызметінен кетті

    Жезқазған әкімі қызметінен кетті
    Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кетті. Ол бұл лауазымда төрт жылға жуық жұмыс істеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қайрат Шайжанов өзінің қызметтен кеткенін Instagram парақшасында хабарлап, қала тұрғындарына алғыс айтты.

    «Осы жылдар ішінде біз көптеген мәселелерді бірге шешіп, түрлі бастамаларды жүзеге асырдық. Сын бізді шыңдай түсті. Жезқазған мен үшін жай ғана жұмыс істеген қала емес. Бұл – тағдырым, еңбегім мен естеліктеріммен байланысты туған жерім. Қызметім аяқталғанымен, Жезқазғанға деген жанашырлығым ешқашан таусылмайды», – деп жазды ол.

    49 жастағы Қайрат Шайжанов құрылысшы және заңгер мамандықтары бойынша білім алған. Мемлекеттік қызметке дейін құрылыс компанияларында басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кентінің әкімі, Сәтбаев әкімінің орынбасары және Жезқазған әкімінің кеңесшісі болған.

    Ол Жезқазған қаласының әкімі болып 2022 жылдың маусымында тағайындалды. Сол жылы Ұлытау облысы құрылған еді.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →