Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    СҚО-да 14 мыңға жуық құс арам өлді

    СҚО-да 14 мыңға жуық құс арам өлді

    Солтүстік Қазақстан облысының Шаховское ауылында үй құстары жаппай қырылып, ресми дерек бойынша өлген құс саны 13 869-ға жеткен.

    Негізінен қаздар қырылғанымен, өлген құстардың арасында тауық пен үйрек те бар.
    Тұрғындардың айтуынша, ауырған құстар алдымен қалтырап, кейін теңселіп, аяғынан тұра алмай қалады, ал сатып алған дәрі-дәрмектері нәтиже бермеген.

    Былтыр да осы ауылда мыңдаған құс қырылып, ветеринарлар пастереллез диагнозын қойған еді, биылғы жаппай қырылудың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.
    Қазір құстардан алынған сынамалар зертханаға жіберілген, ал карантин енгізу мәселесі нақты диагноз белгілі болғаннан кейін шешілмек.

    Құс өсіруді күнкөріс көзіне айналдырған ауыл тұрғындары шығынға батып, енді мамандардан індеттің нақты себебін айтуды талап етіп отыр.

    Видео: sko.mtrk.digital

    Фото: ашық дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →