Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды
Қазақстан СІМ АҚШ-тың Флорида штатында қазақстандық әйелдің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғанын растады. Дипломаттар отбасымен байланыста, консулдық көмек көрсетілуде.
Сурет: Douglas Rissing/Getty Images
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғанын растады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде АҚШ-та үш баланың анасы саналатын қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осы мәліметке қатысты ресми түсініктеме берді.
«АҚШ-тың көші-қон қызметі Қазақстан азаматын Флорида штатының аумағында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты ұстаған», – деп хабарлады ведомство.
Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыста.
Сондай-ақ оған қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.
Әзірге қазақстандық азаматтың алдағы құқықтық мәртебесі мен іс бойынша қандай шешім қабылданатыны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
