ЖИ адамды жұмыссыз қалдыра ма? Вице-министр жауап берді
Фото: видеодан скрин
Жасанды интеллект адамды алмастырмайды, тек көмекші құрал болып қалады. Үкімет брифингінде Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Алайда технологияның еңбек нарығына ықпалы күшейіп жатқан тұста ЖИ-дің адам орнын қаншалықты басатыны әлі де өзекті мәселе болып отыр. Вице-министрдің сөзінше, жасанды интеллект жұмыс процесін жылдамдату, атқарылған жұмысты тексеру және көлемді ақпаратты алдын ала сүзгіден өткізу үшін қолданылмақ. Яғни ведомство ЖИ-ді маманның орнын басатын емес, оның жұмысын жеңілдететін құрал ретінде қарастырады. Байтұрсынов Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту бағыты жалғасатынын да айтты. Қазір бұл салада бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.
