Семей тұрғыны аяғын эскалаторға қысып алған
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
– Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты, – делінген хабарламада,
Әйел адамды қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
