Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды •

    Алматының Түрксіб ауданында жаңа демалыс аймағы ашылды

    Алматының Түрксіб ауданындағы Палладин көшесінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа қоғамдық кеңістік көркейтіліп, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды.

    Алматының Түрксіб ауданында жаңа демалыс аймағы ашылды

    Алматының Түрксіб ауданындағы Палладин көшесінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістік көркейтілді. Бұл туралы Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Аумақта балаларға арналған ойын кешендері мен воркаут алаңы орнатылып, қауіпсіз жабын төселді. Тұрғындардың демалысына арналған пергола мен орындықтар қойылды.

    Сонымен қатар жүргінші жолдары салынып, жарықтандыру жүйесі орнатылды, көгалдандыру және автоматты суару жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылды.

    Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, бүгінде бұл демалыс аймағы тұрғындардың жиі бас қосатын орнына айналған.

    Биыл Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында сквер, жүргінші аймағы, демалыс алаңы және автоматты суару жүйесін орнату жобасы бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →