Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    «10 макарон, жарты кесе сусын»: Көкшетауда ата-аналар балабақшадағы тамаққа шағымданды

    «10 макарон, жарты кесе сусын»: Көкшетауда ата-аналар балабақшадағы тамаққа шағымданды

    Фото: видеодан скрин

    Көкшетаудағы «Мерей» балабақшасының «Көркем» тобына баратын балалардың ата-аналары берілетін тамақтың көлемі мен сапасына шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Олардың айтуынша, меңгеруші ауысқаннан кейін ас мәзірі жеңілдеп, порция азайған, сиыр еті алынып, ряженка қант қосылған айранмен, ал сары май спредпен алмастырылған. Бес жастағы балаларға шамамен жарты ожау ботқа, он шақты макарон және жарты кесеге жетпейтін сусын берілетіні айтылған. Ата-аналар осыдан кейін балаларының үйге қарны ашып келетінін жеткізді. Сондай-ақ олар балабақша басшылығы мәселені шешудің орнына ақпаратты әлеуметтік желіге кім таратқанын анықтауға тырысып жатқанын мәлімдеді. Ата-аналар енді қалалық білім бөлімінен балалардың тамақтануы белгіленген талаптарға сай ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап күтеді.

    Видео: @newslife.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →