Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 $ 450,7 522,8 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим мерзімін қысқартпақ

    Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим мерзімін қысқартпақ

    Фото: Pixabay

    Таиланд Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, бірқатар ел азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Тиісті шешім 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Осыдан кейін Қазақстан азаматтарына екі ел үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылады.

    Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Таиландта елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл ретте әрбір 180 күн ішінде елде болудың жиынтық мерзімі 90 күннен аспауға тиіс.

    Таиландқа сапар жоспарлаған азаматтарға көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады. Егер елде 30 күннен ұзақ болу қажет болса, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →