Павлодарда қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті
Ертіс өзенінде аударылып кеткен қайықтағы 5 адамның біреуі әлі табылмай жатыр. Құтқарушылар ер адамды екінші тәулік қатарынан іздеп жатыр, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері, 3 жүзу құралы және эхолоттар жұмылдырылған.
Эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің 35 шақырымға дейін түбі зерттелген. Сонымен қатар сүңгуірлер 11 рет суға түсіп, өзен түбінің шамамен 5 мың шаршы метр аумағын тексерген.
Оқиға Жанауыл ауылының маңында болған. Бұл жерде алюминий қайық аударылып кеткен. Оның ішінде 5 адам болған. Төртеуі өз бетімен жағаға шыққан. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
