Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 $ 450,7 522,8 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Абай атындағы театр 93-маусымын «Ақбала» балетімен ашты

    Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры 93-маусымын «Ақбала» ұлттық балетінің тұсаукесерімен ашты. Қойылым «Қан мен тер» трилогиясының желісімен жасалды.

    Абай атындағы театр 93-маусымын «Ақбала» балетімен ашты

    Сурет: inbusiness.kz

    Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры 93-театр маусымын Әбдіжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының желісімен жасалған «Ақбала» ұлттық балетінің тұсаукесерімен ашты. Бұл туралы Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақ әдебиеті классигінің туындысы алғаш рет театр сахнасында заманауи балет тілімен өрнектелді. Ауқымды қойылымға бүкіл балет труппасы, симфониялық оркестр, опера солистері мен хор жұмылдырылды, ал музыкалық сүйемелдеуде қылқобыздың үні ерекше орын алды. Басты рөлдерді Милана Рахимбекова (Ақбала), Архат Аширбек (Еламан) және Рустем Имангалиев (Таниберген) сомдады. Спектакльді жасауға Қазақстан, Германия, Италия және Ресейден келген халықаралық қойылым тобы атсалысты. Тұсаукесер балет шеберлері Людмила Рудакова мен Эдуард Мальбековтің рухына арналды.

    Сонымен қатар маусым ашылуы аясында көрермендерге ұжым тарихының жаңартылған интерактивті мұражайы және театрға сыйға тартылған Владимир Колоденконың сирек кездесетін картинасы ұсынылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →