Астанада салынып жатқан бес қабатты үйдің шатыры өртенді
Астананың Есіл ауданында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Өртсөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп, өртті жоғары дәреже бойынша сөндіруде.
Фото: ашық дереккөз
Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді. Қала тұрғындары оқиғаны видеоға түсіріп алған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқырмандар редакцияға Астанадағы өрттің фотосы мен видеосын жолдады.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртсөндірушілер Есіл ауданы, Ақмешіт көшесіндегі салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағындағы өртті сөндіріп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру жасақтары жетті. Өрт жоғары дәреже бойынша сөндіріліп жатыр.
