Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды •

    Қарағандыда 10 қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

    Қарағандының Степной-3 шағын ауданында 10 қабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтерден өрт шығып, 40 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды.

    Қарағандыда 10 қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

    Сурет: ernur.kz

    Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Степной-3 шағын ауданында 10 қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтерде өрт тұтанды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дереу жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

    Өрт шыққан пәтерден бір ер адам құтқарылды. Бұған қоса, министрлік қызметкерлері 40 адамды, соның ішінде 17 баланы баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге шығарды.

    Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында оттың таралуына жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Кәсіби іс-қимылдардың нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →