Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады Отбасы күні: елімізде 12 мыңға жуық адамды қамтыған мыңнан астам іс-шара өтті «Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті Тоқаев Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады Отбасы күні: елімізде 12 мыңға жуық адамды қамтыған мыңнан астам іс-шара өтті «Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті Тоқаев Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды

    Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласындағы Гран-при кезеңінде жеке көпсайыста 116,500 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.

    Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды

    Фото: Халықаралық гимнастика федерациясы

    Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде қазақстандық Ақмарал Ерекешева жүлделі орынға қол жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сенбі күні спортшылар жеке көпсайыста медальдар жиынтығын сарапқа салды. Ерекешева төрт жарыс түрінің қорытындысы бойынша 116,500 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Осылайша ол күміс медаль иегері атанды.

    Қазақстандық спортшы барлық жарыс түрінде екінші нәтиже көрсетті. Оны тек украиналық Таисия Онофрийчук (117,900) басып озды. Қола жүлдені поляк спортшысы Лилиана Левинская (108,250) иеленді.

    Брнодағы Гран-при кезеңі жексенбі, 13 қыркүйекте аяқталады. Бұл күні жекелеген жаттығулар бойынша финалдық кезең өтеді. Оған іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен сегіз спортшы қатысады. Ерекешева шығыршық, доп, шыбық және таспамен өнер көрсетіп, төрт жарыс түрінен медаль үшін таласады.

    Бұған дейін спортшының Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізіміне енгені белгілі болды. Көркем гимнастикадан жеке бағдарламада еліміздің намысын Айбота Ертайқызы да қорғайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →