«Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті
«Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін хабарлады. Тымық ауа райы, тұман мен инверсия ауа сапасын нашарлатуы мүмкін.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны елдегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деп атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың — тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия — жиынтығын айтады.
Осындай жағдай орын алғанда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
