Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

    Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалында Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабындағы үшінші Үлкен дулыға титулын иеленді.

    Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

    Фото: Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында үшінші рет Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетті. АҚШ ашық чемпионатының финалында ол Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бірінші партияда тартысты күрес жүрді. Рыбакинаға бір брейктің өзі жеткілікті болды — Соболенко бірнеше қате жіберіп, қазақстандық 1:0 (6:4) есебімен алға шықты. Екінші партияда да қарсыластар тең додаға түсті, алайда 12-геймде Соболенко басымдық танытып, есепті теңестірді — 1:1 (7:5). Шешуші үшінші партияда қазақстандық қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    АҚШ ашық чемпионатының финалына дейінгі жолда Рыбакина америкалық Ти Фродинді, испаниялық Джессика Боусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны және жапониялық Наоми Осаканы жеңді. Ширек финалда ол қытайлық Чжэн Циньвэньді ұтып, WTA рейтингінде бірінші орынды қамтамасыз етті — 14 қыркүйекте Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы пайда болады. Жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Рыбакина америкалық Коко Гауффті сенімді түрде жеңді.

    Бұл қазақстандықтың Үлкен дулыға турнирлеріндегі бірінші титулы емес: 2022 жылы Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіп алса, 2026 жылдың қаңтарында Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

    Елена Рыбакина 2018 жылдан бері Қазақстан туы астында өнер көрсетеді. Алғашқы WTA титулын 2019 жылы Бухаресте жеңіп алды, ал 2022 жылы Қазақстанға тарихи Уимблдон кубогын әкелді. Бүгінде 27 жастағы теннисшінің еншісінде 13 жекелей WTA титулы бар, оның ішінде Австралия ашық чемпионатындағы жеңіс (2026) және Эр-Риядтағы WTA-2025 қорытынды турниріндегі триумф. Ел алдындағы еңбегі үшін ол «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →