Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды •

    Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде

    Петропавл маңында 6 гектар аумақты шарпыған ірі өртке 110 адам мен 31 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар жалынды ауыздықтап, тұрғын үйлерге таралуына жол бермеуде.

    Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде

    Фото: ТЖМ

    Петропавл қаласының маңында ауқымды өрт тіркелді. Қаланың айналма жолы мен тұрмыстық қалдықтар полигоны орналасқан аумақта құрғақ шөп тұтанған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өрт бірнеше сағатқа созылып, аймақты қою қара түтін басқан. Ащы түтін қала орталығына жеткендіктен, тұрғындар көрудің қиындағанын және ауада күйік иісі қатты сезілетінін айтып отыр.

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала есеп бойынша өрт шамамен 6 гектар аумақты шарпыған.

    Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер учаскелердің біріндегі жалынды толық ауыздықтады. Қалған екі учаскеде сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Тілсіз жаумен күреске 110 адам мен 31 техника жұмылдырылған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, төрт өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар теміржол кәсіпорнының өрт сөндіру пойызы тартылған.

    Құтқарушылардың жұмысын қатты жел қиындатып отыр. Мамандардың басты мақсаты – жалынның жақын маңдағы жеке үйлер мен саяжайларға таралуына жол бермеу.

    Қазір өртті толықтай сөндіріп, жағдайды тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →