Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды Түркістанда ЭЫҰ бас прокурорлары интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды талқылады Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды Түркістанда ЭЫҰ бас прокурорлары интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды талқылады

    Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды

    Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды: жеке парақша заң мен Әдеп кодексін сақтаудан босатпайды, ал сторилер скриншот арқылы сақталуы мүмкін.

    Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды

    Фото: freepik

    Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану барысында сақ болу қажеттігі ескертілді. Бұл туралы MadeniPortal.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мамандардың айтуынша, парақшаға «жеке парақша» немесе «жеке пікірім» деп жазу заң мен Әдеп кодексін сақтау міндеттемесінен босатпайды. Сондай-ақ қорлайтын, былапыт, арандатушылық сипаттағы және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін контент жариялауға жол берілмейді.

    24 сағаттан кейін жоғалатын сториді де кез келген адам скриншот немесе экран жазбасы арқылы сақтап алуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Қымбат көлік, бағалы заттар мен сән-салтанатты өмір салтын көрсету шенеуніктің кірісіне қатысты сұрақтар туғызуы ықтимал.

    Сонымен қатар лауазымды коммерциялық қызметке, жарнамаға немесе жеке пайдаға пайдалануға жол берілмейді. Онлайн пікірталас кезінде балағаттау, қорқыту, кемсіту және арандатудан аулақ болған дұрыс.

    Мамандар жазба жарияламас бұрын оның заңға және Әдеп кодексіне қайшы келмейтініне, қызметтік жағдайдың жеке пайдаға пайдаланылмайтынына және мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтірмейтініне көз жеткізуді ұсынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →