Елена Рыбакина US Open-де сенімді жеңіспен бастады
Елена Рыбакина US Open-дің бірінші айналымында американдық Тея Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Екінші айналымда оны Видьманова мен Бузас Манейро арасындағы жеңімпаз күтіп тұр.
Фото: Inaki Esnaola/Getty Images
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирін сенімді жеңіспен бастады. Бірінші айналымда ол wild card алған, WTA рейтингінде 585-орында тұрған американдық Тея Фродинмен кездесті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жаңбырға байланысты матч басталуы төрт сағатқа жуық кешіктірілді. Сайыс екі сетке ғана созылып, Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Үлкен дулыға турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші чехиялық Дарья Видьманова мен испаниялық Джессика Бузас Манейро арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
