Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Италияда дауылдан 43 адам жараланды Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Италияда дауылдан 43 адам жараланды Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

    Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды

    Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды

    Фото: El.kz

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен ACBJJ 22 турнирінде чемпиондық титулды жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен кездесті.

    All-Stars Title Match мәртебесіндегі титулдық белдесу No-Gi ережесі бойынша, яғни кимономен емес, арнайы спорттық киіммен күресу форматында өтті.

    – Тартысты белдесу толық уақытқа созылып, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Асу Алмабаевты жеңімпаз деп таныды. Осылайша қазақстандық спортшы ACBJJ 22 турнирінің чемпиондық титулын иеленді, – деп жазады басылым.

    Айта кетсек, Алмабаев өткен аптада RAF 12 еркін күрес турниріне де қатысқан. Ол америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездесіп, бір жарым минутқа созылған белдесуде жеңіліп қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →