Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанып, ел тарихында тұңғыш рет әйелдер дзюдосынан бұл жетістікке жетті. Ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жеңіс жайлы әсерімен бөлісті.

    Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

    Сурет: ҰОК

    Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, ел тарихында тұңғыш рет әйелдер дзюдосынан әлем чемпионы атанды. Бұл жетістік туралы спортшы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.

    Жас спортшы жеңістен кейінгі әсерімен бөлісіп, бұл оның өміріндегі ең үлкен жетістіктердің бірі екенін жеткізді. Ол жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, жанкүйерлердің қолдауын қатты сезінгенін айтты.

    Чемпионатқа дайындық барысында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізілген. Команданың басты мақсаты — әлем чемпионы атану болған. Барлық спортшылар тыңғылықты дайындалып, нәтижесінде командалық есепте де үздік шыққан.

    Фатиманың айтуынша, ең қиын қарсыластар жартылай финалдағы израильдік спортшы мен финалдағы украиналық Ксения Кирильчук болды. Екеуі де мықты дайындықпен келген, бұрыннан таныс қарсыластар.

    Финалдық белдесу тартысты өтті. Қосымша уақытта белдесудің оныншы секундында тиімді әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңгенін айтты.

    Чемпионаттағы ең есте қалған сәт — командалық сайыс. Фатима өзі күреспесе де, командаластарына қолдау көрсетіп, олардың жеңісіне қуанғанын, тіпті көзіне жас келгенін жеткізді.

    Спортшы жанкүйерлер мен командаластарының қолдауын айрықша сезінгенін, әсіресе финал алдында бапкерлерінің жігерлендіретін сөздері ерекше әсер еткенін айтты.

    Алдағы жоспарлары туралы айта келе, Фатиманың басты мақсаты — Дакарда өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын қорғау. Ол әрбір спортшының арманы Олимпиадада медаль алу екенін, ал әлем чемпионы атану ол үшін арманнан гөрі алдына қойған негізгі мақсаттардың бірі болғанын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →