Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды ШҚО-да шұрық тесік жол: әкімдік халықтың қамын ойламауды ұмытқан «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады Мейрамбек Беспаев сурет сала алатынын көрсетіп, елді таңғалдырды (ВИДЕО) Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды ШҚО-да шұрық тесік жол: әкімдік халықтың қамын ойламауды ұмытқан «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады Мейрамбек Беспаев сурет сала алатынын көрсетіп, елді таңғалдырды (ВИДЕО)

    Қазақстандық жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 11 алтын, 9 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.

    Қазақстандық жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 11 алтын, 9 күміс және 6 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 26 жүлдені өз қоржынына салды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алтын жүлдегерлер қатарында Ұлболсын Есіркеп (найза лақтыру), Юлия Башманова (100 метрге кедергілермен жүгіру), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Виктория Ан (100 және 200 метрге жүгіру), Иван Иванов (ядро серпу), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Зелимхан Насыров (үш қарғып секіру) бар. Сондай-ақ Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Антонина Чернышева және Юлия Башмановадан құралған эстафеталық команда (4×100 метр) да топ жарды.

    Күміс жүлдені Никита Изотов (800 метрге жүгіру), Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот және Ромео Петров (4×100 метрлік эстафета), Алан Иванов (400 метрге жүгіру), Милана Зубарева (400 метрге жүгіру), Анастасия Калошина (балға лақтыру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) және Анастасия Колода (400 метрге кедергілермен жүгіру) иеленді.

    Қола медаль Давид Ефремовке (110 метрге кедергілермен жүгіру), Ақбілек Құралбайға (3000 метрге кедергілермен жүгіру), Томирис Ерматоваға (балға лақтыру), Варвара Дмитриеваға (үш қарғып секіру), Антонина Чернышеваға (100 метрге кедергілермен жүгіру) және Екатерина Колодаға (400 метрге кедергілермен жүгіру) бұйырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →