Ресейдегі Ozon қоймасына дрон шабуылы: 500-ден астам қызметкер эвакуацияланды
Ресейдің Самара облысындағы Ozon логистикалық орталығына дрон шабуылы жасалды. 500-ден астам қызметкер эвакуацияланды, қойма жұмысы тоқтатылды.
Сурет: egemen.kz
Ресейдің Самара облысында орналасқан Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, шабуыл салдарынан қоймада өрт шыққан. Қауіпсіздік жүйелері штаттық режимде жұмыс істеген, нысандағы 500-ден астам қызметкер бірнеше минут ішінде эвакуацияланған.
Ozon өкілдерінің айтуынша, өртке байланысты қойманың жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылған. Келтірілген шығын көлемі кейінірек бағаланатын болады.
Осыған қарамастан, компания клиенттер мен серіктестерге арналған сервис тәулік бойы жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ozon-ның логистикалық желісі штаттық режимде жұмыс істеп, тапсырыстарды өңдеу жалғасуда.
Алайда аталған қоймадан жеткізілетін тапсырыстар тоқтатылады. Компания тұтынушыларға ақшасын қайтаратынын хабарлады.
Бұл Ресейдегі маркетплейстердің логистикалық инфрақұрылымына жасалған алғашқы шабуыл емес. 2026 жылдың шілдесінде Wildberries логистикалық нысандарына да дрондар шабуылы жасалған болатын. Осыдан кейін ресейлік Wildberries маркетплейсі Қазақстанда жалпы аумағы шамамен 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы кезінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді.
