Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді •

    Семейдегі сергелдең: әкімдік тұрғындарға бір ғана аядалма салып беру үшін жер таппай отыр

    Семейдегі сергелдең: әкімдік тұрғындарға бір ғана аядалма салып беру үшін жер таппай отыр

    Фото: Видео скриншот

    Семейдегі Рубусин көшесінің тұрғындары жарты жылдан астам уақыттан бері қоғамдық көлік аялдамасының мәселесін шеше алмай жүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, бұрын аялдама тұрған жерге кейбір азаматтар қарсы болып, жаңа аялдама басқа жерге көшірілген, алайда ол жерде де наразылық туып, құрылым қайта алынып тасталған. Жуырда аялдаманы көшенің соңына орнату үшін бетондау жұмыстары басталғанымен, куәгерлердің сөзінше, жер телімінің иесі арнайы техника жалдап, аялдама құрылымын басқа жерге жылжытып жіберген.

    Соның салдарынан аялдама дұрыс бекітілмей, қисайып тұрғаны айтылып отыр, бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақ туғызады. Бір көшедегі аялдаманың орнын жарты жылдан астам уақыт бойы нақты шеше алмауы Семей қаласы әкімдігінің бұл мәселеге неге әлі күнге дейін нүкте қоймағаны туралы сауал туғызады. Әзірге қала әкімдігінің аталған жағдайға қатысты ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →