Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында бесінші орын алды

    Ақмарал Ерекешева Франкфурттегі әлем чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша бесінші орын алды. Жас гимнаст таспа финалында да өнер көрсетеді.

    Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында бесінші орын алды

    Сурет: turkystan.kz

    Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатының шешуші күнінде ұршық жаттығуында Ақмарал Ерекешева үздік бестікке енді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлемнің үздік сегіз спортшысының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпай жинады.

    Алтын медаль болгар қызы Стилиана Николоваға бұйырды (30.150 ұпай), екінші орынды украиналық Таисия Онофрийчук иеленді (30.050 ұпай), ал қола медаль ресейлік Мария Борисоваға тиесілі болды. АҚШ гимнасты Рин Кейс төртінші орынға, ал қазақстандық Ақмарал Ерекешева бесінші орынға тұрақтады.

    16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған болатын.

    Жерлесіміз таспа сайысының финалында да жүлдеге таласады.

    Франкфуртте өтіп жатқан жаһандық доданың жеке жаттығуында барлығы 73 елден 102 спортшы бақ сынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →