Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды

    Будапеште өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

    Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды

    Сурет: turkystan.kz

    Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Акробатикалық бағдарлама бойынша отандық спортшылар 203,0926 ұпай жинап, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қазақстан намысын қорғаған он спортшының қатарында Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек бар.

    Чемпионатта үздік нәтиже көрсеткен Ресей құрамасы 232,2147 ұпаймен алтын медальға ие болды. Үшінші орынды 200,9777 ұпай жинаған Беларусь спортшылары еншіледі.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин қола жүлде алса, Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс медальға қол жеткізген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →