Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнамды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, достық пен ынтымақтастықтың дами беретінін атап өтті.

    Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнамды және оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Президент жеделхатында бұл мерекенің Сингапур халқы үшін маңыздылығы ерекше атап өтілген. Ол ұлттық бірліктің, мемлекет тәуелсіздігінің және орнықты дамудың символы ретінде сипатталған. Сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың екі халықтың игілігі үшін әрі қарай дами беретініне сенім білдірілген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамға жауапты қызметінде табыс, ал Сингапур халқына құт-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →