Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды

    Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды. Талап-арызды Қарасай ауданының прокуроры берді.

    Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды

    Сурет: muztaumedia.kz

    Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, талап-арызды Қарасай ауданының прокуроры берген. Жауапкерлер қатарында Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, үш компания, сондай-ақ Болат Назарбаевтың жұбайы, ұлы Нұрбол және тағы 13 баласы бар. Балалардың бір бөлігі кәмелетке толмағандықтан, олардың аты-жөні жарияланбайды.

    Прокуратура жер телімін сатып алу-сату және қабылдап алу-беру актілерін жарамсыз деп тануды сұрап отыр. Әзірге сот материалдарында жердің балалардың меншігіне қалай өткені және мәмілені не себепті жарамсыз ету талап етілгені көрсетілмеген.

    Алдын ала сот отырысы тамыз айының соңына жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →