Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді

    Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді

    Фото: видеодан скрин

    Ақтау қаласының тұрғыны мүлдем тартылмаған әрі пайдаланылмаған жылу жүйесі үшін негізсіз шоттардың келіп жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Тұрғынның сөзінше, бұл ғимаратта жылу құбырлары атымен жоқ, алайда жауапты тарап заңгерлер мен нотариустар арқылы ақша өндіруге көшкен. Мұндай заңсыздыққа тек бір адам емес, нысанды бұған дейін иеленген өзге де азаматтар тап болып, төлемнен бас тартып отыр. Құқығы тапталған азамат істің ақ-қарасын ашу үшін жоғары жақтағы білікті заңгерлерден шұғыл көмек сұрайды. Шағымданушы Ақтау қаласы әкімдігінің бұл сорақылықты бақылаусыз қалдырып, халықтың арызына назар аудармай отырғанына қатты кейиді. Осыған байланысты тұрғындар қала билігінен жағдайға дереу араласып, заңсыз ақша өндіруді тоқтатуды талап етеді.

    Видео: @kaldow_aitolkyn

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →