Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты •

    Таиландтағы мектепте атыс болып, 7 адам қаза тапты

    Таиландтағы мектепте атыс болып, 7 адам қаза тапты

    Фото: скриншот

    Таиландтың Нонтхабури провинциясындағы мектептердің бірінде атыс болып, салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Thai PBS мәліметінше, көз жұмғандардың арасында үш мұғалім, үш оқушы және шабуыл жасаған оқушының өзі бар. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Қанды оқиға Бангкок қаласының солтүстігіндегі Банг-Круай ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, мектеп оқушыларының бірі қарумен оқ жаудырып, кейін өзіне қол салған. Оқиға куәгерлерінің бірі, 18 жастағы оқушы, алғашында атылған оқтың дауысын петарданың жарылысы деп ойлағанын айтқан.

    Оқиғадан кейін Таиланд премьер-министрі Анутин Чанвиракун жауапты мемлекеттік органдарға зардап шеккендерге қажетті көмекті толық көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Премьер-министрдің айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар елде қаруды сақтау мен алып жүруге берілетін рұқсаттарды ұзарту талаптарын қатаңдатуға негіз болған.

    Өз кезегінде білім министрі Прасерт Чантараруангтхонг оқиға орнына арнайы комиссия жіберіп, кейін өзі де Нонтхабури провинциясына аттанды. Жергілікті биліктің мәліметінше, 2025 жылы аталған мектепте шамамен 3 100 оқушы білім алып, 147 мұғалім жұмыс істеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →