Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтынай Жорабаева қызын ұзатып, тойдан кейін ауырып қалғанын айтты Грекияда екі өрт сөндіру тікұшағы әуеде соқтығысты Алматы облысында 16 жастағы Ясмина Шертаева іздестірілуде Астанада 3 тамызда электр энергиясы мен ыстық су уақытша өшіріледі Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды «Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды Алтынай Жорабаева қызын ұзатып, тойдан кейін ауырып қалғанын айтты Грекияда екі өрт сөндіру тікұшағы әуеде соқтығысты Алматы облысында 16 жастағы Ясмина Шертаева іздестірілуде Астанада 3 тамызда электр энергиясы мен ыстық су уақытша өшіріледі Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды «Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды

    Грекияда екі өрт сөндіру тікұшағы әуеде соқтығысты

    Грекияда орман өртін сөндіру кезінде екі тікұшақ әуеде соқтығысты. Құтқарушылар ұшқыштарды іздеуге кірісіп, олардың жағдайы туралы ресми ақпарат әзірге жоқ. Оқиға жексенбі күні болды.

    Грекияда екі өрт сөндіру тікұшағы әуеде соқтығысты

    Сурет: ult.kz

    Грекияның Афина қаласының батысындағы Псата ауданында орман өртін сөндіру кезінде екі өрт сөндіру тікұшағы әуеде соқтығысты. Оқиға жексенбі күні тілсіз жаумен күрес барысында орын алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Грекияның өртке қарсы қызметінің мәліметінше, әр тікұшақта екі адамнан болған. Апаттан кейін құтқарушылар ұшқыштарды іздеуге кірісті. Қазіргі уақытта олардың нақты жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

    Алдын ала деректерге сүйенсек, апат күшті жел мен күрделі өрт жағдайында болған. Аймақта әлі күнге дейін бірнеше ірі орман өрті жалғасуда. Жалынның жылдам таралуы салдарынан бірқатар елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.

    Әлеуметтік желілерде апат сәті түсірілген бейнежазбалар таралуда. Кадрларда тікұшақтардың әуеде соқтығысып, біреуінің жерге құлағаны көрінеді. Дегенмен бұл видеолардың түпнұсқалығы ресми түрде расталған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →