Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды: өмірдің шынайы байлығы неде екенін айтты «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді «Түркияға табыс табуға кеткен»: Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталып кетті «Өткен өміріме өкінішпен қарамаймын»: Сәбит Әбдіхалықов тосын жазба жариялады «Үйлену туралы өзім бірінші айттым»: Алтынай Жорабаеваның қызы күтпеген мәлімдеме жасады «Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды: өмірдің шынайы байлығы неде екенін айтты «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді «Түркияға табыс табуға кеткен»: Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталып кетті «Өткен өміріме өкінішпен қарамаймын»: Сәбит Әбдіхалықов тосын жазба жариялады «Үйлену туралы өзім бірінші айттым»: Алтынай Жорабаеваның қызы күтпеген мәлімдеме жасады

    «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді

    «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді

    Фото: Видеодан скрин

    31 шілдеде Димаш Құдайбергеннің орындауында «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаян жарық көрді. Әнші тыңдармандарына мәлімдеме жасап, шығармашылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. ақпарат порталы.

    «Шын мәнінде осы жылдар ішінде операдан бастап поп, рок, этно, edm, тіпті рэпке дейін әртүрлі жанрда жұмыс істеп келемін. Кез келген жанрды жаным сүйеді. Репертуарымның басым бөлігі авторлық әндерім. Өзім продюсерлік еткен туындылар»,– деді Димаш.

    Ол сондай-ақ «Aqerke» халық әнін өзгерту мақсатында емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарына туған дері жайлы  жеткізу мақсатында жаңа нұсқада орындағанын айтты.

    «Бұл таспаны бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен емес, жерлестеріме шығармашылығымды түсіндіргім келгендіктен жазып отырмын. Әркімнің өз талғамы бар. Әркімнің пікірін құрметтеймін», — деді Димаш Құдайберген.

    Әншінің жанкүйерлері бейнебаянның да, әннің де көңілдерінен шыққанын жарыса жазса, бірі  «Димашқа дұрыс продюсер жолықпаған», «Димаш негізінен опера, классикалық шығармаларды орындайды», «Димаштың авторлық әні аз»,- деген сынды пікірлер  жазған еді.
    Айта кетейік, ол келесі әні түрік тілінде шығатынын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →