Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Биржада доллар бағамы арзандады

    Биржада доллар бағамы арзандады
    Фото: Pixabay

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,38 теңгеге арзандап, 474,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 477,17 теңге.

    Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

    — доллар 469,00 теңгеден сатып алынады, 476,00 теңгеден сатылады;

    — еуро: сатып алу — 534,00 теңге, сату — 544,00 теңге;

    — рубль: сатып алу — 5,57 теңге, сату — 5,77 теңге.

    — юань: сатып алу — 68,78 теңге, сату — 73,23 теңге.

    Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,37 теңгеден сатып алынады, 475,58 теңгеден сатылады. Еуро 536,00 – 544,57 теңге, ал рубль 5,63 – 5,77 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,66 теңгеден сатып алынады, 71,15 теңгеден сатылады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →