Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты

    Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр?

    Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр?

    Фото: видеодан скрин

    Теміртаудағы 7-ықшамаудан, 11-үйдің ауласында тышқандар қаптап, тұрғындардың күнделікті берекесін қашырып бітті. Кеміргіштер қоқыс жәшігін төңіректеп қана қоймай, көпқабатты үйлердің жертөлесіне ұя салып, ауладағы су жаңа көліктердің электр сымдарын кеміріп жарамсыз етуде.

    Жергілікті жұрт әкімдікке шағымданып, депутаттық сауал жолдағанымен, түйінді мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Заң бойынша, қоқыс алаңынан 5 метрге дейінгі аумақты дератизациялауға, яғни зиянкестерді жоюға бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Алайда халықтың салығынан төленген бұл ақшаның қайда кетіп жатқаны және мердігер мекеменің неге жауапсыз отырғаны белгісіз. Егер жауапты орындар бұл жағдайға шұғыл араласпаса, ауладағы антисанитарияның арты үлкен эпидемиялық қауіпке айналуы әбден мүмкін.

    Видео: @qara.qala⁠

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →