Ақтөбеде такси жүргізушісі жолаушы бойжеткенге тиіскен
Фото: Nova24
Ақпараттық порталдың тілшісіне хабарласқан бойжеткен Хромтаудан Ақтөбеге бара жатқанда болған жағымсыз оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Жолаушының сөзіне қарағанда, ол таңертең «Хромит» мейрамханасының жанынан таксиге отырған. Көліктің артқы орындығында екі ер адам отырғандықтан (бойжеткеннің айтуынша, олар мас болған), ол алдыңғы орындыққа, жүргізушінің қасына жайғасуға мәжбүр болған. Сапар кезінде такси жүргізушісі бойжеткеннің аяғына қолын екі рет тигізген. Жолаушы ескерту жасағаннан кейін ғана ол қолын тартқан. Бойжеткен өзінің қауіпсіздігі үшін қорыққандықтан, жолда жанжал шығармауды жөн көрген.
Видео: @jagdaikz
