Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан семсерлесушілері Әлем чемпионатында тұңғыш алтын алды Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Қазақстан семсерлесушілері Әлем чемпионатында тұңғыш алтын алды Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады

    Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды

    Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды
    Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

    Жамбыл облысында шу шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Белгілі болғандай, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында автокөліктер кортежі анықталды. Онда көліктердің бірінің жолаушысы люктен шығып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, отшашу атқан.

    «Құқық бұзған 18 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол елдімекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жол ережесін бұзуға жол берген автокөлік жүргізушілері де жазаланды», – деп хабарлады ІІМ.

    Полиция осы сияқты заң бұзушылықтардың әрбір дерегі анықталып, кінәлі тұлғалар міндетті түрде тәртіппен жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →