Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Динара Сәтжан жүкті ме? Желі қолданушыларының болжамы Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Динара Сәтжан жүкті ме? Желі қолданушыларының болжамы

    Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды

    Аптап ыстық:  еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды

    Фото: Pixabay

    Қазақстанда 29 шілде күні ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде ауа температурасы +44°C-қа дейін көтерілсе, бірнеше аймақта найзағай, жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Синоптиктердің болжамына сәйкес, ел аумағында күндізгі аптап ыстық күтіледі.

    Қатты ыстық:

    • Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа температурасы +35…+38°C-қа дейін көтеріледі;
    • Алматы облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Атырау, Ақмола және Қарағанды облыстарының батысында +35…+36°C болады;
    • Қызылорда және Түркістан облыстарында +40…+42°C-қа дейін ыстық болады.

    Аптап ыстық:

    • Атырау, Ақтөбе облыстарында және Қостанай облысының оңтүстігінде +40…+43°C;
    • Маңғыстау облысында +43…+44°C-қа дейін көтеріледі.

    «Атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

    Жауын-шашынсыз ауа райы тек Қазақстанның оңтүстігінде күтіледі.

    Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

    «Қазгидромет» бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары екенін ескертті.

    Жоғары өрт қаупі:

    • Батыс Қазақстан облысында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, Қостанай облысының батысы, шығысы және орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының оңтүстік-батысы мен шығысында байқалады.

    Төтенше өрт қаупі:

    • Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Түркістан облыстарында, Жетісу облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының оңтүстігі және шығысында, Ақмола облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы, шығысы және солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Павлодар облысының шығысында сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →