Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады
Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұру үшін осы шешім қабылдағанын айтты. Оның жазбасы көпшілікті ойландырды.
Сурет: sn.kz
Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп әкелгенін және бұл қадамын ең алдымен өзі үшін жасағанын айтты. Ол анасының батасын жиі алып тұру үшін осылай шешкенін жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Әншінің айтуынша, анасының жақын болғаны өте жақсы. «Анамды жиі көріп, батасын алып тұру үшін Алматыға әкеліп орналастырдым. Бұл ісім Анам үшін емес, өзім үшін. Адамның тамыры, меккесі, қайырымдылықтар сауабының төресі – Анада! Соңғы рет анаңызға қашан сыйлық жасадыңыз?» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жазира Байырбекованың бұл жазбасы көптеген адамның көңіліне жол тауып, ата-ананы құрметтеу мен ананың қадірін түсінуге шақырды.
