Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы

    Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы

    Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы

    Фото: видеодан скрин

    Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Астанадағы нөсер суы мен инфрақұрылымның дәрменсіздігіне қатысты берген жауабымен елді қайран қалдырды. Шенеуніктің пайымдауынша, жылына бір-екі рет жауатын мол жауын-шашынға төтеп беретіндей инфрақұрылым салу — «бюджетке артық салмақ», деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жыл сайын суға кетіп, көлге айналатын көшелерде әбігерге түсетін халықтың жағдайы министерлік өкілі үшін «жай гана уақытша қолайсыздық» болып шықты.

    Вице-министрдің айтуынша, жобалар тек стандартты табиғи жағдайларға ғана есептеледі: «Кез келген жоба сараптамаға түскенде, ол стандартты өмір сүру және табиғи жағдайларға есептеледі. Жоба мақұлданғанда, ол ықтимал жүктемені ескереді. Ал табиғат бізге бағынбайды, жауын-шашын нормадан асып кететін сәттер болады. Бірақ мұндай жағдайлардың қайталану жиілігі өте төмен. Енді кейде ғана болатын табиғи катаклизмге қыруар қаржы жұмсау — бюджетке үлкен салмақ. Мұның қаншалықты қажет екені де сараптама мен анализді талап етеді», — деді Сапарбеков.

    Яғни, министрлік шенеуніктері салық төлеушілердің ақшасын «үнемдейміз» деп, сапалы инфрақұрылым жасаудан тартынып отырғандай танылады. Қай жердің суғакететінін де білмейді Астанада жылда суға кетіп, әлеуметтік желінің негізгі хедлайнеріне айналатын Бауыржан Момышұлы даңғылы сияқты нақты учаскелер модернизация жобасына кірген-кірмегені туралы сұраққа вице-министр тіпті нақты жауап бере де алмады.

    Журналиске керісінше «Сізді Астананың қай жері қызықтырады, өзіңіз білесіз бе?» деп сұрақ қойған Олжас Сапарбеков, елорданың басты проблемалық нүктелерінен бейхабар екенін байқатып алды. Ақыры жауап таба алмай, мәселені «жергілікті органдардан нақтылап алайық» деп сырғыта салды. Жыл сайын қайталанатын нөсерден кейінгі «көлшіктер» мен миллиондаған шығынды министрліктің шенеуніктері қарапайым норма деп есептейтіні өкінішті-ақ. Қала халқы су астында жүргенде, профильді министрлік «бюджетті үнемдеу» туралы теориялық пайымдаулар жасаумен ғана шектеліп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →