Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті •

    Дастан Сәтпаев «Челсидің» жаңа маусымдағы негізгі үш шабуылшысының қатарына енді

    Дастан Сәтпаев «Челсидің» жаңа маусымдағы негізгі үш шабуылшысының қатарына енді

    Фото: ФК Челси

    «Челси» клубына арналған, X әлеуметтік желісінде шамамен алты мың оқырманы бар Don AVE фанаттық парақшасы лондондық команданың шабуыл шебіндегі жағдайға талдау жасап, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың алдағы маусымдағы мүмкіндігіне баға берді.

    Бұған дейін «Челсидің» 35 жастағы ағылшын шабуылшысы, «Брайтон» ойыншысы Дэнни Уэлбекті өз қатарына қосуға жақын екені хабарланған болатын.

    Парақша авторының пікірінше, Уэлбектің ықтимал трансфері Эммануэль Эмега, Лиам Делап, Николас Джексон, Марк Гиу және Дастан Сәтпаевтың болашағына әсер етуі мүмкін.

    • Николас Джексон – клубтан кетеді;
    • Марк Гиу – командадан кетеді;
    • Эммануэль Эмега – егер жарақат алмаса, жалға берілуі немесе 2027 жылдың қаңтарына не жазына дейін командада қалуы мүмкін;
    • Лиам Делап – тиімді ұсыныс түссе, сатылуы ықтимал;
    • Дастан Сәтпаев – жасына байланысты біртіндеп дамуы үшін клубта қалады.

    «Челсидің» шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылар төмендегідей болуы мүмкін:

    1. Жоау Педру;
    2. Дэнни Уэлбек;
    3. Дастан Сәтпаев.

    Сонымен қатар, бұл шешімдердің барлығы футболшылардың жарақатына және клубқа келіп түсетін трансферлік ұсыныстарға байланысты болатыны айтылған.

    Еске салайық, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады. Ал бүгін, 28 шілдеде, қазақстандық футболшы Австралиядағы маусым алдындағы турне аясында өтетін «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуде «Челси» сапында алаңға шығуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →