Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілер санын 25 мыңға көбейтті

    Ресей президенті Владимир Путин Қарулы Күштердегі әскери қызметшілер санын 25 мың адамға арттырып, жалпы штаттық санды 2 426 130 бірлікке жеткізді.

    Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілер санын 25 мыңға көбейтті

    Сурет: alash.kz

    Ресей президенті Владимир Путин елдің Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің штаттық санын 25 мың адамға арттыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жаңа құжатқа сәйкес, Қарулы Күштердің жалпы штаттық саны 2 426 130 бірлік болып белгіленді. Оның ішінде 1 миллион 535 мың адам әскери қызметшілер үлесіне тиеді. Бұған дейін, 2026 жылғы 12 маусымдағы президент жарлығы бойынша әскери қызметшілер саны 1 миллион 510 мың адам болса, жалпы штаттық сан 2 399 130 бірлікті құраған еді.

    27 шілдедегі жаңа жарлық Ресей Қарулы Күштері құрамында әскери-құрылыс бөлімшелерін құруға байланысты өзгерістерді көздейді. Сонымен қатар, Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратының ең жоғары штаттық саны 13 400 бірлік болып бекітілді (ғимараттарды күзету және қызмет көрсету персоналын есептемегенде). Оның ішінде 4 930 адам федералдық мемлекеттік азаматтық қызметкерлер санатына жатады.

    Бұл жарлық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →