Алматы метросында қауіпті жолаушы ұсталды
Фото: inbusiness.kz
Алматы метросында жолаушының сөмкесінен пышақ пен кісен табылды. Күмәнді заттар тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
«Райымбек» станциясында полиция қызметкерлері мен көліктегі қауіпсіздік қызметінің мамандары бірлесіп тексеру жүргізген.
«Рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жолаушылардың бірінің сөмкесінен пышақ пен арнайы құрал – кісен анықталды. Ер адам ұсталып, одан әрі мән-жайды анықтау үшін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды», – деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетінін жеткізді.
