Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәлімет шықты
Фото: Жоғары сот
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қатысты ақпаратты ресми түрде растады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Бұған дейін адвокат Ғазиз Ынтықбаев Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру ісі бойынша 4 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжановтың бүгін бостандыққа шығатынын мәлімдеген еді.
Адвокаттың айтуынша, Байжанов сот залынан босатылып, сол күні отбасына оралады.
Бұл мәліметті Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де растады.
«Әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа байланысты сотталған Байжановтың Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңды қолдану жөніндегі сот қаулысының негізінде босатылғанын хабарлаймыз», – деп мәлімдеді ҚАЖК.
