Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті

    Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті
    Фото: Pixabay

    21 шілдеде Жапонияның орталық бөлігінде температура 40°C-ден асып, адам төзгісіз аптап ыстық болды, деп хабарлайды Jiji Press

    Ең жоғары температура — 40,3°C, Гифу префектурасындағы Тадзими қаласында тіркелді. Көршілес Айти префектурасындағы Тойота қаласында температура 40,1°C-қа жетті.

    «Кокусёби» термині елде жаз айларында термометр бағаны 40°C-ден асқанын білдіреді және халықты аптап ыстық туралы ескерту үшін жаңадан енгізілді.

    Жапония бойынша 914 метеостанцияның 278-інде температура 35°C-ден жоғары көтерілді. Бұл күндер «мосёби» санатына немесе «өте ыстық күндерге» жатады. Бұл жаңа терминология енгізілгенге дейін ең жоғары ескерту деңгейі саналған.

    Токио үкіметі кеңсе қызметкерлеріне ыстық жаз күндерінде костюм мен галстукты тастап, қысқа жеңді жейде мен шолақ шалбар киюге рұқсат берді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →