Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр

    Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды қаласы, Тәттімбет 19 мекенжайындағы тұрғындар қыс мезгілінен бері тоқтамай аққан кәріз суының зардабын тартып келеді.

    Қоқыс алаңының артында нәжіс қалдықтарынан сасық батпақ түзіліп, лас су жаңбыр ағындарына арналған арықтарға құйылуда. Тұрғындардың айтуынша, бұған зақымданған кәріз құбыры себеп болған, ал апатты желі «Баспана» тұрғын үй кешенінің теңгерімінде тұр. «Қарағанды Су» мекемесі бұл аймақ өздеріне қарамаса да, бригада жіберіп, қалдықтарды уақытша сорып алып кетумен ғана шектеліп отыр. Алайда, уақытша тазалау жұмыстары мәселені түбегейлі шешпейтіндіктен, тұрғындар өмір сүруге төзгісіз жағдайда күн кешуге мәжбүр. Жергілікті билік пен жауапты мекемелер апатты құбырды толық жөндеуге келгенде бір-біріне сілтеп, жауапкершіліктен қашып отыр.

    Видео: ⁠@obn.public⁠

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →